«Дон Кихот» қазақ театр сахнасында көрерменге жол тартады

ТЕАТР
2005

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры үстіміздегі жылдың 2, 3 наурыз күндері сағат 19.00-де «ДОН КИХОТ» спектаклінің премьерасын ұсынады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Дон Кихот – Мигель де Сервантестің «Айлакер идальго Ламанчалық Дон Кихот» романының сахналық нұсқасы. Туындының жарық көргеніне төрт ғасыр болса да, әлі өзектілігін жоймай келеді. Әлемдік шығарма қазақ драма театр сахнасында алғаш рет сахналанып отыр.

Аталмыш спектакльде қазақ қоғамындағы Дон Кихотты жақынырақ танып, классикалық шығармаға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік туады. Қойылымды сахналауға арнайы шақыртылған жас режиссер Әлібек Өмірбекұлы Сервантестің «Дон Кихот» туындысын бүгінгі заманауи тілде ұсынбақ. Қаллеки театрының актерлік құрамының потенциалын жаңа қырынан ашу, театр тынысын заманауи бағытқа тәрбиелеуде «Дон Кихот» спектаклінің айтары көп.

Қойылымға дайындық жұмыстары екі ай уақыт жүргізілді. 

Инсценировка авторы әрі режиссері – Әлібек Өмірбекұлы. Сахналық нұсқасының авторы әрі аударған – Мирас Әбіл. 

Қойылымның актерлік құрамы – Е.Нұрымбет, Қ.Қыстықбай, Н.Өтеуіл, А.Бермұхамбетова, Ж.Оспанов, И.Әбенова, А.Орынтай, З.Әбенов, Б.Қалила, Б.Сұлтанғазы, С.Анварова, А.Әбенова, Б.Шалқар, Қ.Садықов, Ұ.Қабыл, Б.Орман.

madeniportal.kz

Парламет дауысы

Сенатор Дархан Қыдырәлі ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында мемлекет...

Мемлекет басшысы

Тарих толқында сан ғасырлар бойы қаншама мемлекет құрылып, бірі ескексіз қайықтай бағыты мен бағдары...