Виртуоз журналист

СӨЗДІҢ АТАСЫ
1502

Кез-келген мамандықта кәсіби мамандар мен шеберлер болады. Біріншісі - ережеге бағына отырып өз ісін орындайтындар, соңғысы – сол ережені өздері жасайтындар. Шеберлер - өз ісін өнерге, өмірінің өзегіне айналдырғандар. 

Раушан ТөленқызыРаушан Төленқызы - қазақ журналистикасында сұхбат алудың виртуозы. Көне латын сөзі «витуоз» (virtus), түбірі – «талант, абырой» деген мағынадан шығады. Раушанның әрбір сұхбатын басқалардың жұмысымен шатастыру мүмкін емес. Мысалы, Роза Бағлановамен жасаған әйгілі сұхбатында әншінің кербез мінезін ашу үшін оның сөйлеу мәнерін сақтай отырып, сөздерін кейде дыбыстылған күйінде сәтті беру мысалдары журналистер арасында әлі күнге дейін үлгі ретінде айтылады. Раушан Төленқызының Талғат Бигелдинов, Роза Бағланова, Шерхан Мұртаза, Фариза Оңғарсынова және басқа да тұлғалармен жасаған сұхбаттары негізінде студенттерге шеберлік дәрістерін өткізуге болады. 

Кейде журналистикада тіл байлығы құндылығы кемсітіліп, ақпарат «қысқа-нұсқа» болу керек дегенге назар аудартады. Бірақ дәл әрі ұтымды сөз қолдану журналистің жұмысының ықпалын арттырады, ойды оқырман жүрегіне жеткізеді. Раушан Төленқызы әріптестері үшін қазақ тілі, тарихы мен этнографиясы бойынша жиі жүгінетін «энциклопедия» болды. Ол білетін кейбір сирек қазақша сөздер мен мәліметтер интернеттен де табылмауы мүмкін. 

Раушан Төленқызымен еліміз егемендік алғаннан кейінгі алғашқы тәуелсіз басылымдарының бірі – «Қазақстан» газетінде бірге істедік. Ол Астанаға кеткенде барлығымыз асыға күтетінбіз. Раушан үнемі олжалы оралатын, қоржынынан сол кездегі басқа журналистердің қолы жетпейтін министрлер мен депутаттар, саясаткерлермен ауқымды экслюзив сұхбаттар табылатын. Егер сол сұхбаттарды топтастырып, кітап етіп, шығарса, бір дәуірдің келбетін берер еді. 

Раушан өз бауырларына ғана емес, қасындағы өзінен жасы кіші, әсіресе қыз журналистерге қамқор, мотиватор бола біледі. Егер жұмыста әділетсіздік болса, одан сайын жақсы жазуға жігерліндіретін, тіпті кейде байланысымыз үзіліп қалғанда да хабарласып, қандай биіктер бар екенін ақырын еске салып, алға ұмтылуға ой салатын.  

Раушанның ұлының аты – Мұқият. Раушан Төленқызының өмірлік философиясын беретін осы есімнің – осы сөздің терең мағынасын кейін түсіндім. Егер әр маман өз ісіне мұқият болса, ісі оңға басады, одан сол ұжым мен қоғам дамиды. Егер адамдар бір-бірінің көңілі мен сөзіне мұқият болса, махаббат пен ынтымақ сақталады, береке мен ырыс тасиды. 

Бүгін алпысқа келген белгілі журналист, публицист Раушан Төленқызын туған күнімен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына бақыт тілеймін! 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...