Рысбек ЗұрғанбайұлыӨзіңнен бұрын өмір кешкен, өзің ес біліп, етек жаппаған шақта өмірден көшкен өрес...
Көшербай Әнуар. Желтоқсан желі ызғарлы
Қайраң ата-бабамыз тарих сахнасында кең байтақ еліміздің егеменді, өзге елден тәуелсіз болуымызға жан берерлік күрес жолында өте қымбат құнмен берген еді.
Отанамыздың қазіргі уақытта тәуелсіздігін кейбір адамдар қандай құнмен келгендігін ұмытып бара жатса, ал біреуі мүлде білмей мақрұм кезін кезіп жүр, егер де осындай жағдай одан әрі жалғаса қараңғы түнеке өзіміз қалай кіріп кеткендігімізді байқаймай қаламыз.
Бабаларымыздың қызыл үкіметтің қармағын бұзатын ең алғашқы соққысың 1986 жылы желтоқсан айында алғаш рет тек қалың қазақтың арасында ғана емес бүкіл дүйім кеңес халқынның арасынан тойтарыс жасаған еді. Бұл оқиғаның басталуы себеп болған 1986 жылы 16 желтоқсан күні коммунистік партия жиналысында небәрі 18 минутқа созылған шешімінде Д.А.Қонаевтың биліктен босатылып қазақ жерінде мүлдем болмаған Колбиннің тағайындауылымен басталады, 17 желтоқсан күні Алматы қаласынның Брежнев алаңныңда партияның шешіміне қарсы болған қазақ жастары тек бейбіт шеруге шығып өз наразылықтарын көрсеткен еді.
Дәл сол күні алаңдағы жастарды басып шаншуға алғашқыда жергілікті милиция тартылған еді кейін Мәскеуден арнайы жасақ шақырылып, жастардың шеруін қарулы күшпен басу үшін арнайы «Құйын 1986» («Метель 1986») операциясын ұйымдастырылған еді.
Қақаған аязды күні жастардың бейбіт шеруіне азулы иттерді жіберіп, өрт сөндіретін көліктен су шашып, сапер күрегімен, резеңке таяқпен ұрып-соққан, басқа да құралдар қолданған. Кейін желтоқсан оқиғасына қатысқандарды Мәскеу қаласында «бұзақы», «экстремист», «маскүнем» және «нашақор» деп атап, оларға «ұлтшыл» деген айдар тағады. Кеңес үкіметіне қарсы шыққандары үшін көптеген көзі ашық, көкірегі ояу жастарды оқу орындарынан шығарып, айыпсыз айып тағып сот шешімімен абықтыға қамап, ал екі адамға тіпті өлім жазасын кескен.
Оның біреуі – Қайрат Рысқұлбек кейінірек Семей қаласының түрмесінде жұмбақ жағдаятта қаза табады.
Екіншісі – Мырзағұл Әбдіқұл ату жазасы кесіліп бірақ кейін 20 жыл түрме жазасына ауыстырылды. Ол соның жеті жылын өтеп қайтады. Атап айтқандай бұл оқиға кейін «қазақ ұлтшылдығы» деген айптан 1989 жылы ақталды.
Желтоқсан оқиғасынан көптеген кеңестік республикалардың жастары болсын, қариясы болсын бас көтерді. Желтоқсан оқиғасы шын мәнісінде КСРО-ның құлауына түрткі болған тарихы маңызы болған оқиға еді. Біз, жастар, желтоқсаншылардың ел менен халық үшін берген құндарын ақтау біздің парызымыз.
Сөзімді, ежелгі грек филосы Платонның сөзімен аяқтағым келеді: «Өз тарихын білмеген халықтың ертеңгі болашығы бұлыңғыр...».