Қапқа оранған "қайыршы"

ЕСТЕЛІКТЕР
1539

Сол күні жаңбыр себелеп тұрды. Франкфурттің әсем аллеяларының бірімен отельге аяңдап келеміз. Анадайдан адамдар демалатын тақтайша орындықтардың бірінде бүкшиген бір затты көзіміз шалып қалды. Жақындай беріп байқасақ, ұйқтайтын қапшықтың ішінде бүк түсіп бір адам отыр. Қапшықтың аузындағы сыдырманың сәл ашық тұрған шетінен әлгінің екі көзі жылт-жылт етеді. Анау қапшығынан су өтпейтіні анық енді. Іші де жылы-ау шамасы. Рақат! Таза ауа! Мұның не деп жатқан тірі жан жоқ. Оның да ешкіммен ісі жоқ, қаннен қаперсіз. Әрлі-берлі өтіп жатқан адамдар оған көңіл де аударар емес.    

Мұндайды кім көріпті? Көрмегенге көсеу таң деген: - Бұл нағылған жан? – деп, қызықтай сұрадық. - Үйсіз қайыршы,- деді Бибігүл. - Ойбай-ау, Германияның қайыршыларына дейін баспанасыз қалдырмайды дегені қайда? - Ол рас, бұл елде ешкімді баспанасыз қалдырмайды. Бірақ ана қайыршы өзі осындай өмірді таңдаған. Оған осындай өмір ұнайды. Ал мемлекет әр адамның қалауымен санасады.

- Айналайын-ау, бұл бейшара тамақты қайдан ішеді? Қайда жуынады? 

Бибігүлдің жауабы бұған да әзір екен. Франкфуртте үйсіз-күйсіздерге арналған арнайы әлеуметтік орындар бар көрінеді. Ана отырған қайыршы сонда барып, күніне бір рет ыстық тамақ ішеді. Аптасына бір рет жуынып-шайынып, қырынып дегендей. Үстіндегі кір киімдерін сыпырып тастап, таза киімдерді киіп қайтады. Келесі келгенше ана киімдері жуылып, өтектеліп, сөреде қатталып тұрады. Айтпақшы, Германиядағы жұмыссыздық жәрдемақысының мөлшері Ресей медицина қызметкерлерінің орташа жалақысынан 6 есе көп екен. Аржағын өзіңіз есептеп алыңыз. 

Гүлмәрия Барманбекова

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...