«Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабы оқырманға жол тартты

РУХАНИЯТ
830
Ұлттық музейде «Өзбекәлі және мәдени майдан» тарихи-репрезентациялық кітабының таныстырылымы өтті.


Кітап «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының әйгілі авторлары – Санжар Керімбай мен Әділбек Нəбидің бірлескен авторлығымен жазылған. 
Белгілі журналист Зейін Әліпбек жүргізген салтанатты іс-шараға Өзбекəлі Жəнібек әулеті мүшелері, көзін көрген замандастары мен серіктері, ҚР Парламенті депутаттары мен мәслихатшылар, мемлекеттік ведомствалар басшылары мен қызметкерлері, өнер майталмандары және басқа да танымал тұлғалар, білім-ғылым, БАҚ және мәдениет саласы өкілдері қатысты.

Авторлар Атырау, Қостанай, Арқалық, Астана, Семей, Шымкент, Павлодар аймақ-өңірлеріне экспедиция жасап, Өзбекәлінің көзін көрген, онымен қызметтес болған кісілермен жолығып сұхбаттасты. Өзбекәлі жайлы бұрын-cоңды беймәлім болып келген естеліктер тапты. Бұдан бөлек 1960-1990 жылдар аралығындағы Қазақстанның саяси атмосферасына дәл сипаттама берді. Торғай облысының қалай ашылғаны, оның кейін қандай саяси себеппен жабылғаны жайлы сараптама да жасалды.
Кітап жаңалығы – Кеңестік кезеңдегі қазақ халқының елдік санасы мен бостандыққа ұмтылыстары туралы жаңа көзқарас қалыптастырады. Сонымен қатар баяндалған оқиғалардың танымдық-патриоттық тұрғыда маңызы аса зор.


Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...