Ұлы Абайдың қарасөздері түрік тіліне аударылды. Аталған кітап Қaзaқстaнның Түркиядaғы елшiлiгiнiң қо...
Алматы төтенше жағдайлар департаменті сел көшкініне не әсер еткенін мәлімдеді
Алматы төтенше жағдайлар департаменті cел көшкініне құбырдың бұзылуы мен топырақтың батпақтануы себеп болғанын мәлімдеді. Бұл туралы madeniportal.kz. хабарлайды.
"Сел көшкініне суық су құбырының бұзылып, топырақтың батпақтануы себеп болды. Көшкіннің көлемі – 3200 текше метр. "Қазселденқорғау" ММ күштері мен құралдары, 109 құтқару қызметі, республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237 әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды", – делінген Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Департамент төрт адам, соның ішінде екі бала іздестіріліп жатқанын хабарлады.
Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Медициналық топ кезекшілікті жалғастыруда. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаментінің психологиялық тобы жұмыс істеп жатыр.