Елімізде гендерлік саясат қалай жүзеге асырылып жатыр?

Фотосурет ашық дереккөз

Жаңалықтар
92

Қазақстанда отбасылық және гендерлік саясатты қарқынды жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні республикамызда гендерлік саясатты түбегейлі жүргізу үшін, бұқаралық сананы соған икемдеуге арналған іс-шаралар аз емес, деп жазды madeniportal.kz.

Гендерлік саясат – қоғам мен мемлекетті дамытудың негізгі тірегінің бірі. Айталық, отбасылық институтты, азаматтық қоғамды, саяси жүйені гендерлік саясат тұрғысынан қалай айшықтап алуға болады? Көпшілік адамдар гендерлік саясат дегенді әйелдердің қоғамда басым рөлге ие болуы деп түсінеді. Бірақ ол олай емес, гендерлік саясаттың ең басты мақсаты – қай салада болсын ерлер мен әйелдер арасындағы теңідікке қол жеткізу. Бұл талап атқарушы билік болсын, өкілетті билік болсын, қоғамдық ұйымдарға қатысты болсын – бәріне ортақ заң аясында реттелуі тиіс. Лауазымдық орындарға тағайындалуы, сайланбалы орындарға сайлануы, жалақы белгілеу мәселесіне де байланысты.  

Рас, ертерек кездері көпшілік елдерде әйел қауымы қоғамдық өмірден көп шеттетілді, олар басқарушы қызметтерге аз тағайындалды, білім-өнер қуып, карьера жасайтын нәзік жыныстылар аз болды. Қазіргі кезде осы ескілік ұғым ескі заманмен бірге келмеске кетті, ұмытылды десе де болады. Қазір елімізде қай салада болсын әйелдер ерлермен қатар тұрып еңбек ете береді. Заң бойынша оған барлық жағдай жасалған. Бұл мәселе тіпті мемлекеттік жоғарғы деңгейде көтеріліп, ҚР Президенті Қ-Ж Тоқаев мырзаның өзі Үкіметке мемлекеттік қызметте әйелдер санын көбейтуді тапсырғанын айта кеткен абзал. Мемлекет Басшысының айтуынша, әйелдер қауымы негізінен өз міндеттеріне жауапты, жұмыстарына тыңғылықты және қандайда бір істе бастамашыл келетінін атап өткен.

Гендерлік саясат – ерлер мен әйелдердің біз өмір сүріп жатқан қоғамды дамытуға тең дәрежеде бірлесіп, тізе қосып еңбек ету қағидасы. Бұл жерде ең басты принцип – әйел мен еркектің бірін-бірінен артық не кем қоюында емес, екеуінің де қоғам үшін, мемлекет үшін тең дәрежелі екенін, әрқайсының өздеріне тәне орындары, салмағы бар екенін айшықтау. Екі тараптың да құқықтары мен мүмкіндіктері бірдей болуы тиіс. Қай істе де әйел демей, еркек демей, қайсының қарым-қабілеті артық, соған басымдық беру, қолдау көрсету деген сөз.

Рас, Америка құрылығы мен Еуроодақ мемлекеттерімен салыстырғанда Қазақстанда, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінде атқарушы билікте және сайланбалы органдарда әйел жыныстылардың саны ерлерге қарағанда әлдеқайда аз екендігі жасырын емес. Шынтуайтында қазақстандық нәзік жыныстылардың ерлерге қарағанда экономикалық жағдайы көп төмен болып келді.

Бірақ кейінгі жылдары мемлекеттің гендерлік саясатқа деген көзқарасы түбегейлі өзгерді. Ендігі кезде гендерлік қатынастар толықтай трансформацияға ұшырады. Бұл бетбұрыс соны сипатқа жетелеп, тың жаңашылықтарға жол ашты.

Қазіргі кезде республикамызда отбасылық және гендерлік саясатты қалыптастыруда айтып ауыз толтырарлықтай жетістіктеріміз аз емес. Мәселен, әйелдер қауымы, айталық, қоғамдық-саяси өмірдегі гендерлік теңдік алды, экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізді, білім-ғылым-өнер саласында еш кедергісіз дамуға қол жеткізді. Сондай-ақ қоғамда жыныстың өзгешелікке қатысты кемсітушілікке жол бермеу, тұрмыстық зорлық- зомбылықтарды қатаң жазалау, отбасын құндылықтарын күшейту, ана мен бала құқын қорғау мәселелері мемлекеттің басты қадағалауына алынды. Жоғарыда айтылған жайттардың бәрі қазақстандықтардың арасында гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге үлкен ықпал етті.

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ma...