Жаңа министрлер ант берді

САЯСАТ
344

Үкімет отырысында жаңадан тағайындалған министрлер ант берді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Қаржы министрі Мәди Такиев, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ант берді.

Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, - деп жазылған ант мәтінінде.

Премьер-министр Олжас Бектенов оларды жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...