Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.Айт...
Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері заңсыздыққа барды
ҰҚК Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлерінің деректерге заңсыз қол сұғу әрекеттерін әшкереледі, - деп хабарлайды madeniportal.kz
«Қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлігімен және 208-бабы 2-бөлігімен қарастырылған қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары — С, Ж және Н-ға қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енді.
Олардың әрқайсысына 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді, сондай-ақ ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқықтарынан 3 жыл мерзімге айырылды», — делінген хабарламада.
Сотталғандар 2023 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырғандары үшін тергелді.
Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтар мен магистранттардың білімін бағалаудың өткізілуіне қол сұғулары дәлелденді.