Адам ұрлап, несие рәсімдеткен қылмыстық топ қолға түсті (видео)

Видеодан скриншот

Social
1306

Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлап, мәжбүрлі түрде қамап ұстаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қылмыстық топ арнайы коттеджді жалға алып, құрбандарын сонда қамап ұстаған.

Олар жәбірленушілерге мәжбүрлі түрде қайтарымсыз несие рәсімдеткен. Аталған қылмыстан зардап шеккен 29 адам анықталды. Оларға келтірілген шығынның бас-аяғы 200 млн теңгеден асады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі мен жинақталған дәлелдемелер жиынтығы бойынша күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, оны басқарып, қатысқаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың барлық жеті мүшесі ұсталып, қамауға алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды», деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

KIMEP университетінің марқұм түлегі Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты шошырлық жайттар белгілі болды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінгі Шерзаттың ісі бойынша сот отырысындағы түскі үзіліс уақытында күдіктілердің жасырын әңгімесі...