Алдағы оқу жылынан бастап балалар 1-сыныпқа түсу үшін емтихан тапсырмайды

Білім
379

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев 1-сыныпқа қабылдауға емтихан өткізуге тыйым салынатын ереже енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

“ҚР кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңы қабылданды. Балалардың білімі мен қауіпсіздігі туралы заңда лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Бұл шешім неге негізділген? Біріншіден, бұл норма дайындық деңгейіне қарамастан, барлық типтегі және барлық балаларға мектепке қабылдау кезінде шектеулерді алып тастайды. Бастапқы білімді игеруге, танымдық қабілеттер мен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға тең мүмкіндіктерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді, - деді комитет басшысы.

Қаныбек Жұмашев атап өткендей, екіншіден, тестілеуге, әңгімелесуге қатысудан психологиялық күйзеліс, конкурстық іріктеуді күтуден жағымсыз тәжірибелер жойылады. 

Сонымен бірге конкурстық іріктеу нәтижелерін күткен ата-аналардың наразылығы азайтылады. Балаларды мектепке қабылдау рәсімінің қоғамдық резонансы болмайды. Бұл өзгерістер алдағы оқу жылына 1-сыныпқа қабылдағанда енгізіледі, - деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігі өкілі.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...