Петропавлда ақыл-есі кем адамды аяусыз қорлаған үш жас жігіт сотталды, хабарлайды madeniportal.kz ma...
Әлеуметтік желіде терроризмді насихаттаған Шымкент тұрғыны ұсталды
28 ақпан күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті покуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен әлеуметтік желіде терроризмді насихаттаған шымкенттік ер адамды ұстады, – деп хабарлайды madeniportal.kz.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген. Тергеу нұсқасы бойынша ол ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шетелдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған.
Қазір Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
«Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді», делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.