Қазақ тілі үшін күрескен тіл жанашыры “Miele” ЖШС және «Мечта» компаниясын сотта жеңді

Фотосурет: Ашық дереккөзден

Заң
384

Тіл жанашыры Толқын Мұхтарханова қазақ тілінің құқығын шектеген “Miele” ЖШС және "Мечта" компаниясымен 1 жыл соттасып, азаматтық сотта жеңіп шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Кезекте тұрғанда сатушы бір кісіге: «Я вас не понимаю. Говорите на русском, либо уходите с очереди» деді. Маған сол кезде: «Мен өз елімде тұрамын, бірақ неге қазақ тіліміз қорғалмаған» деген ой келді. Сөйтіп заңды adilet.kz-тен қарай бастадым. Мемлекеттік тілімізді қорғайтын заңдар көп екен. Бірақ біз оны біле бермейді екенбіз. Егер мен сол жерде заңды білгенімде, сатушыны орнына қояр едім» , - дейді Толқын ханым.

Толқын Мұхтарханова заңмен толық танысып шықаннан соң, «Miele» компаниясымен тіл мәселесіне байланысты келеңсіз жағдайдың орын алғанын айтты.

«Заттарымызды «Miele» компаниясынан алдыртып, орнаттық. Содан көпбалалы болған соң, бірінші қажет нәрсе кір машина болды. Соны орнатып, қолдана бастадық. Алайда мен нұсқаулықтан қазақша мәтін таба алмадым. Әрбір алған затымызда, қазақша нұсқаулығы мүлдем болмады. Содан мен «Miele» компаниясына хабарласып, олардан қазақша нұсқаулықты сұрадым. Олар бізге уақыт керек деп жауап қатты. Содан мен жақсы деп өз талабымды сот арқылы шешетінімді айттым», - дейді Толқын ханым. 

Дегенмен сатып алушыға қазақ тіліндегі ақпарат тек екі аптадан кейін бір-ақ келген.

«Айта кететін жайт, «Miele» компаниясы бір ай немесе екі апта бұрын ашылған компания емес. Қазақстанда 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осынша жыл нарықта болып, қазақша нұсқасы болса, олар менің сол мезетте электронды поштама ақпарат жіберетін еді. Бірақ олар қоңырау шалғаннан кейін араға екі апта салып, электронды нұсқасын жіберді және пошта арқылы қолыма тиді. «Мiele» мен «Мечта» компанияларын тұтынушы ретінде «тұтынушы құқығым бұзылды деп» азаматтық сотқа бердім.Біріншіден, менің тұтынушы ретінде сұраған нұсқаулықтың және «Miele»  компаниясында қазақша ақпараттың жоқ екенін айттым. Сонымен қатар «Miele» компаниясының сайтында тілді таңдайтын кезде қазақша батырманың жоқ екенін де атап өттім. Сот процесінде олар «kz» деп қазақша батырманы енгізді. Бірақ қазақша деген батырманы бассаңыз, ақпарат жоқ. Солардың бәрін аудару керек деп талап қойдым және тұтынушы ретінде құқығымның бұзылғанын қостым», - дейді ол.

Нәтижесінде Толқын Мұхтарханова компанияны сотта жеңіп шықты.

«Менің бір танысым шаңсорғыш сатып алды. Ол жерде де тек орысша нұсқаулық болды. Мен оны дәлел ретінде қосқым келді. Алайда сот бір тұтынушы болғандықтан, оны бөлек тұтынушы ретінде жазсын деп айтты. Соттың шешімі бойынша, «Miele» компаниясын прокуратураға көрнекі ақпарат туралы 455-бап бойынша жіберуім керек болды. Сондай-ақ «Miele» компаниясы маған тұтынушы құқығым бұзылғаны үшін моральдық шығын ретінде 100.000 теңге төлейтін болды және төленген бажымды қайтаратын болды», - дейді ол.

 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...