Алматыда мұзға өрмелеуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Жаңалықтар
97

Алматыдағы Skala climbing gym спорт кешенінде мұзға өрмелеуден ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Аталған ел біріншілігіне еліміздің 6 өңірінен 28 спортшы қатысып, бақ сынауда. Бүгін ересектер арасында үздіктер анықталды. Енді ертең спортшылар жастар, жасөспірімдер санатында сынға түседі.  

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі келесідей: 

Жылдамдық, ерлер:1 орын -  Мейірман Сағынтай (Астана қаласы)
2 орын - Мұхаммед Бейсенов (СҚО)
3 орын - Антон Зимин (Алматы қ.)

Жылдамдық, әйелдер:
1 орын - Полина Аубакирова (Алматы қ.)
2 орын - Елена Синяева (Алматы қ.)
3 орын - Анна Денисова (СҚО)

Қиындық, ерлер:
1 орын - Мейірман Сағынтай (Астана қаласы)
2 орын - Иван Николаев (Алматы қ.)
3 орын - Андрей Гизбрехт (Алматы қ.)

Қиындық, әйелдер:
1 орын - Полина Аубакирова (Алматы қ.)
2 орын - Елена Синяева (Алматы қ.)
3 орын - Анна Денисова (СҚО)

Көпсайыс, ерлер:
1 орын - Мейірман Сағынтай (Астана қаласы)
2 орын - Иван Николаев (Алматы қ.)
3 орын - Мұхаммед Бейсенов (СҚО)

Көпсайыс, әйелдер:
1 орын - Полина Аубакирова (Алматы қ.)
2 орын - Елена Синяева (Алматы қ.)
3 орын - Анна Денисова (СҚО)
 
Сонымен қатар ересектер арасында командалық есепте Астана құрамасы көш бастады. Алматы қаласының құрамасы екінші орыннан көрінсе, Солтүстік Қазақстан облысы үздік үштікті түйіндеді. Чемпионат 5 наурызға дейін жалғасады.

Жаңалықтар

“Банк ЦентрКредит” қызметкерлері тұтынушыға қазақ тілінде қызмет көрсетпеген видео тик-т...

Жаңалықтар

10 мамырда Қостанай облысы, Ұзынкөл ауылында өз үйінің ауласынан аудандық полиция бөлімі қызметкерін...