Ертең Нұр-Сұлтанда Comic Con Astana фестивалі басталады

Жаңалықтар
1315

31 мамыр мен 2 маусым аралығында Астана EXPO Конгресс орталығында алғаш рет Қазақстанда және Орталық Азияда Comic Con Astana фестивалі өтеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

Ауқымды іс-шараға Disney, Marvel, Wargaming, Turner (Cartoon Network), НВО (Home Box Office Int., Warner Bros.Entertainment), Nickelodeon және Sony Pictures Entertainment сияқты әлемдік брендтер қатысатынын растады. Фестиваль аясында бірнеше орындар: танымал кейіпкерлермен танысып, қызықты сұрақтар қою үшін кино-павильоны, негізгі сахна, автограф-сессия залы, үстел ойындары мен халықаралық студиялардың кибер аймағы жұмыс істейтін болады. Ne Prosto Orchestra симфониялық оркестрі өнер көрсететін фестивальдің салтанатты ашылуы ертең, 31 мамыр күні сағат 15.00-де өтпек.  

1 маусымда фестиваль хэдлайнері Йохан Филип "Пилу" Асбектің – «ИГРА ПРЕСТОЛОВ» сериалының жұлдыздары келеді деп күтілуде. 12.00-де актердің шығармашылық табынушылары үшін баспасөз конференциясы мен автограф-сессиясы өтеді.  Фестивальдің соңғы күні NINETY ONE тобының концерті жоспарланған. 

2 маусым күні сағат 12.30-да музыканттардың қатысуымен баспасөз конференциясы, ал өнер көрсету кешкі сағат 20.00-де өтеді.  Сонымен қатар, қонақтар комикс әлеміндегі жаңалықтардың тұсаукесерін, косплей жұлдыздарымен бірге автограф-сессияларды, фильмдер мен сериалдардың арнайы көрсетілімдерін, панельдік сессиялар мен мастер-класстар, киберспорттан чемпионат, комикстер көрмесі, косплей сайысы, ұтыс ойындары, сыйлықтар мен жүлделер күтеді. Сондай – ақ, ұйымдастырушылар келушілер үшін тағы бір фантастикалық Meka роботының көрінісін дайындады. "Гик-әлемнің" маңызды оқиғаларының бірі балаларды қорғау күніне орайластырылған, ал фестивальді Қазақстанда Astana Convention Bureau атынан Нұр-Сұлтан әкімдігі ұйымдастырды. Comic Con Astana билеттерін жобаның www.comicconastana.com ресми сайтынан Zakazbiletov.kz сервистің көмегімен алуға болады.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...