Гүлшара Әбдіқалықованы «ханның қызы» деп атаған әйел ұсталды

Заң
355

Гүлшара Әбдіхалықоваға "ханның қызы" деп ат қойған әйел ұсталды. Бұл дерекке қатысты әлеуметтік желіде оның қамауға алынған сәтінен түсірілген сурет тарады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қалалық Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді.  

"Бұл дерек бойынша Қызылорда облысының Полиция департаментімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзгеде ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2020 жылы әлеуметтік желіде сол кездегі Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың ашуына тиген жергілікті тұрғынның видеосы тарап кеткен болатын. Видеода облыс әкімінің сапары кезінде нысандарға баратын жолдың жабылып, қоғамдық көліктердің жүруіне шектеу қойылғаны айтылады. Бұған ашуланған тұрғындар бұл мәселені Гүлшара Әбдіқалықоваға жеткізу үшін оның жолын бөгеп тастайды. Алайда, әкім ашулы тұрғындармен тілдесіп, мән-жайды түсіндірмеді.«Жолдарыңызды жауып тастаған мен емеспін», - деп тұрғындарға қысқаша жауап берді де, қара көлігіне отырып, кетіп қалды. Әйелдердің бірі оның артынан айқайлады: «Сен кімсің, халықты тыңдағың келмейді? Ханның қызы немесе не?» Содан бері Әбдіқалықоваға «ханның қызы» деген лақап ат берілген еді.

Жаңалықтар

“Көреміз” бағдарламасының журналисті Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасына виде...

Жаңалықтар

Cиноптиктер ертең, 25 қарашада еліміздің он екі облысында ауа райына байланысты ескерту жасады, деп...