ХҚҚО 59 лауазымды қызметкері алаяқтық жасады деп күдікке ілінді

Заң
610

Мамандандырылған ХҚКО-ның 59 лауазымды тұлғасы мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатыстылығы тексеріліп жатыр. Сотқа дейінгі 23 тергеу басталған. Алдын-ала есеп бойынша бюджетке 14,3 млрд теңгеге залал келтірілген, деп хабарлайды madeniportal.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекет көлік құралының шығарылған жылына байланысты тіркеу алымдарының мөлшерлемесін төмендету арқылы елге жаңа жүк көліктері мен автобустарды әкелуді ынталандырады. Көліктердің көпшілігі әлі де дизельмен жұмыс істейді және соның салдарынан ауаның ластану деңгейі артып келеді. Егер автокөліктің шығарылу мерзімі 5 жылдан асса, онда 2 500 АЕК төлеу керек, ал егер 2 жыл толмаса, төленетін сома 0,25 АЕК-ке дейін қысқарады.

«Кейбір жосықсыз азаматтар елге ескі және қауіпті жүк көліктерін, автобустарды жалған құжаттар бойынша әкелуге тырысып, шығарылған жылын ауыстырады. Тек анықталған фактілер бойынша 2022-2023 жылдары сотқа дейінгі 23 тергеу басталды, онда алдын ала есеп бойынша бюджетке 14,3 млрд теңгеге залал келтірілген» — делінген хабарламада.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...