Алан Бөрібаев Хельсинкидегі Фин ұлттық операсында «Евгений Онегин» операсына дирижерлік етеді

РУХАНИЯТ
151

«Астана Операның» бас дирижері Алан Бөрібаев Хельсинкидегі Фин ұлттық операсында танымал швейцарлық режиссер Марко Артуро Мареллидің қойылымында 2024 жылдың 9 ақпаны мен 19 наурыз аралығында өтіп жатқан П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсының ондаған спектакльдерінің топтамасына дирижерлік етуде. «Seen and Heard International» өкілі Анна Аальто былай деп атап өтті: «Алан Бөрібаев - кейіпкерлердің іште жасырылған және сырттағы сезімдерін өзіне сақтаған нюанстар мен туындының сезімталдығын дәл жеткізген дарынды дирижер». «Фин журналының» өкілі Риста Норделл былай деп жазды: «Тамаша дирижер Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен музыканы бар жанымен орындаған опералық оркестр маңызды рөл атқарды». 

Еске сала кетейік, қазақстандық маэстро осынау мәңгілік операмен Қазақстаннан тыс жерде бірінші рет жұмыс істеп тұрған жоқ, ол бұл спектакльдің айтулы премьерасын «Астана Опера» сахнасында жүзеге асырған болатын.

Алан Бөрібаевтың жетекшілігіндегі «Евгений Онегин» спектаклінің интернет-трансляциясын 2024 жылы 8 наурызда 19:00-де (Хельсинки уақытымен) Фин ұлттық операсының https://oopperabaletti.fi сайтынан тікелей эфирде көруге болады. 

Жаңалықтар

Қырғызстанның Жалал-Абад облысының Созақ ауданында 2 мамыр күні сағат 13:30 шамасында балмұздақ ти...

Жаңалықтар

Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту...