Такси жүргізушілеріне қойылатын талап күшейеді

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
648

Көлік министрі Марат Қарабаев үкіметте өткен брифингте такси жүргізушілерге талап күшейетінін айтты, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, күндіз-түні ұйықтамай, көлік жүргізетін такси жүргізушілері жол апатына жиі себеп болып жатады. Сол себепті енді такси жүргізушілеріне қойылатын талап күшейеді.

Ол енді такси жүргізушілері 50 шақырымға дейін ғана адам таси алуы мүмкін екенін айтты. 

"Шетелдерде қаларалық қатынастарда таксиге адам тасуға рұқсат етілмейтін елдер бар. Мәселен, 50 шақырымға дейін ғана тасуына болады, одан асса, шектеу. Бұл қабылданған шара емес, әзірге ұсыныс қана. InDriver-мен ақылдасып жатырмыз. Олар бұл (адам тасу – ред. ескертпесі) олардың табыс көзі екенін айтып жатыр. Олай болатын болса, олар бір қаладан екінші қалаға адам алып келіп, қайтадан жолға шығып кетпеуі керек. Содан жол апаты болып жатыр. Асыққанда, үнемдейтіні – 30 минут. 30 минут ерте жеткенімен, жол апатына түссе, жағдай қиын болады. Жол апатының 37 пайызы жылдамдықты асырғаннан, 10 пайызы қарсы бағытқа шығып кеткеннен болып жатыр. Біз осының алдын алуымыз керек. Біржақты шешім қабылдамаймыз. Оны үш ай бұрын талқыладық. Әлі талқылап жатырмыз",- деді министр. 

Сондай-ақ ол жеке компаниялардың тасымалдау қызметі күшейгелі автобустарға отыратындар саны азайып кеткенін тілге тиек етті.

"2020 жылы пандемиядан кейін қалааралық автобустарға отыратындар саны азайып кетті. Өйткені пандемия кезінде көбісі цифрлық технологияларды кеңінен қолданып кетті. InDriver сияқты компаниялардың қызметін көбірек пайдалана бастады. Өйткені ол тез, үйден алып кетеді, осы жағынан ыңғайлы. Енді біз қалааралық автобустарға халықты тарту жолын қарастырып жатырмыз. Біріншіден, орташа жылдамдықты енгіземіз. Үлкен трассаларда орташа жылдамдықты 120 км/сағаттан асырмау. Егер асырса, оған автоматты түрде айыппұл келеді. Сол кезде жеңіл көліктердің жылдамдығы автобустармен бірдей болады", - деді ол. 

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...