Қазақстандағы барлық мектепте мектепішілік есеп енгізілді

Білім
606

Қазақстандағы барлық мектепте мектепішілік есеп енгізілді. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді, – деп хабарлайды madeniportal.kz.

Вице-министрдің сөзінше, білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды енгізу маңызды.

Жаңа модель қиын жағдайдан шығарудың жеке жоспары бойынша баланы кешенді сүйемелдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл оқу орындарында балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тиімділігін едәуір жақсартады.

– Мектепішілік есеп жоғары педагогикалық зейінді талап ететін балаларға көмек көрсету үшін қажет. Балалар, ата-аналар, мұғалімдер мектепішілік есептен қорықпауы керек, өйткені ол балаға қиындықтарды жеңуге көмектесуге арналған және бала үшін де, білім беру ұйымының өзі үшін де құқықтық салдары болмайды, – деп атап өтті Еділ Оспан.

Жаңалықтар

Астана тұрғындары интернет-алаяқтарға 3 млрд теңгеден астам ақша берген, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Үндістанда 25 жастағы ер адам өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz...