Оқушы қыз көз жұмды: Маңғыстау облысында 10 жасар қызды автобус қағып кетті

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1675

Маңғыстау облысында 10 жастағы баланы автобус қағып мерт қылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға нақтырақ Мұнайлы ауданында қоғамдық көлік жаяу жүргіншілер өткелінде болған. 

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Қоғамдық көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін сақтамай, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алған қыз оқиға орнында қаза тапты. Жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Қоғамдық көлік айыптұраққа қойылды», - дейді жергілікті ПД. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...