Елорданың медициналық ұйымдары Наурыз мерекесі күндері қалай жұмыс істейді?

ЖАҢАЛЫҚТАР
1538

Мереке күндері елордалық емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді, деп жазды madeniportal.kz.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, елордалық стационарлар өз белсенділігін төмендетпей, қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайды. Резервтік бейінді палаталарды бөлу арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында кезекші дәрігерлер сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Фильтр-кабинеттер 8:00-ден 20:00-ге дейін, ал активтер мен қоңырауларды қабылдау 8:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

103 қызметі диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Өтініштер мен қоңырауларды қабылдау 24/7 жүзеге асырылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада бір күнде төрт бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, олардың екеуі – қа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақст...