АСТАНАДА «ҚҰРАЛАЙ» ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚУЫРШАҚТАР ТЕАТРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

ТЕАТР
255

«Құралай» ІІ Халықаралық қуыршақтар театрының фестивалі қатысушылардың салтанатты шеруімен басталды.


Астананың көшелерімен үрлемелі оркестрді сүйемелдеген ұлттық киімдегі балалар мен артистер, ұзын бойлы қуыршақтар, «Зара» шоу-балетінің атристері, ағашаяқтағы шоу жүріп өтті. 

Астана сахнасында 1-4 шілде аралығында Тунис, Босния, Герцеговина, Бельгия, Италия, Польша, Ресей, Түркия, Эстония, Сербия және Қазақстан елдерінің Қуыршақтар театрының ұжымдары өнер көрсетеді. Фестиваль бағдарламасының  алғашқы спектаклі 13:30 басталады. «Қаңбақ шал» атты қазақ халық ертегісін Алматы мемлекеттік қуыршақ театры көрсетеді.   

Екі сағаттан кейін көрермендер «АДАДЖО» миниатюралық сценаны тамашалайды. Бұл Ресейдің РМСӨИ қуыршақ театры факультеті мен (Босния және Герцеговина) «Културна сцена МАЛИ СТВАРИ ТРЕБИНЕ» театрымен бірлескен шығармашылық жоба. 

Қонақтардың кейбірі осы қойылымды тамашаласа, өзгесі сербиялық режиссер Амел Вученовичтің «Қуыршақ және бала», «Әдепке тәрбиелеу», «Қуыршақтану өнері» шеберлік сыныбына бара алады. Фестивальдің алғашқы күнін Италияның «Верди» интерактивті қуыршақ театры аяқтайды.  

2 шілдеде таңғы сағат 10-да көрермендерді «Қоқыс монстры» атты көрініс күтіп тұр, оны Түркияның Стамбулынан келген «Қаракөз» қуыршақ театры орындайды. 

Артынша Санкт-Петербургтен келген Виктор Антонов «Жіптегі циркті» ұсынады. Сондай-ақ бағдарламада Эстонияның «Projekt» театры қойған «Умка» және Польшаның «MarekWaszkiel» театры ұсынған «ПОБУДКА, ПОДЪЕМ И СИЯНИЕ» спектаклі қойылады. Фестивальдің үшінші күні 3 шілдеде Тунистің Ұлттық қуыршақ өнер орталығының «Кездесуімен» ашылады. Бельгия «Кішкентай қара шөженің тарихын», Тамбовтық мемлекеттік қуыршақ театры «Жучаны» ұсынады. Фестивальді астананың Қуыршақтар театры «Мәңгілік бала бейнесімен» аяқтайды. 

 Аталмыш спектакльді отандық танымал драматург Роза Мұқанова жазған, ол 1949 бен 1989 жылғы Семейдегі полигонның садарынан ядролық сынақтың құрбаны болған балаларға арнап жазылған. 

4 шілде кешкісін Астананың қуыршақ театры залында «Құралай» Халықаралық фестивалінің қатысушыларын марапаттау рәсімі мен салтанатты жабылуы өтеді.

Жаңалықтар

Қырғызстанның Жалал-Абад облысының Созақ ауданында 2 мамыр күні сағат 13:30 шамасында балмұздақ ти...

Жаңалықтар

Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту...