Астанада жаңа дзюдо орталығы ашылды

Жаңалықтар
387

Елорданың Нұра ауданында «Kodokan Spirit» атты көп функционалды спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Бұқаралық спортты дамыту және жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулу мақсатында Қазақстанда екінші «Kodokan Spirit» көп функциональды спорт кешені іске қосылды, деп хабарлайды  madeniportal.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше аумағы 1200 шаршы метрді құрайтын ғимаратта бір мезетте 1000-ға жуық жас спортшы дзюдомен айналыса алады. Зал 180 орындықпен, олимпиадалық сапалы жапон татами төсеніштерімен, заманауи желдету және жарықтандырумен жабдықталған. Сондай-ақ спорт кешенінде топтық сабақтарға арналған екі шағын бөлме, ата-аналарға арналған ыңғайлы күту алаңы және атақты Oneshott брендінің кофеханасы бар.

Ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит арнайы қатысты.

«Қазіргі таңда елордада дзюдомен айналысып жүрген жастар күннен-күнге артып келеді. Жалпы қалада 3500 ересек және жасөспірім дзюдомен белсенді айналасып жатыр. 290 дзюдошы кәсіби тұрғыда шұғылданады.

Болашақта Олимпиада ойындарында алтынды әперетін, еліміздің абыройын асқақтатар жерлестеріміз осы жерден шығатынына сенемін!» — деп Астана қаласының әкімінің орынбасары Есет Байкен үлкен үміт күтетіндігін жеткізді.

Дзюдо спортының маманы Жандос Қонысбаевтың айтуынша, 25 жыл ішінде Астана қаласында дзюдо секциялары әр жерде кішігірім ғана болса, енді олардың басын біріктіру мүмкіндігі берілді.

Бір ерекшелігі, Астана қаласы дзюдо федерациясының президенті Ғайса Жұмағалиев бұл кешенді мемлекеттің бюджетімен емес, инвестициялық жобаның арқасында ашты.

Айта кетейік бұған дейін алғашқы орталық 2021 жылы Орал қаласында ашылған болатын.

Жаңалықтар

Атырауда 5-қабаттан құлаған бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Ақтауда кәмелет жасына толмаған қыздардың соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды mad...