“Сені сағындым”: Шерзатқа ғашық болған қыздың іс-әрекеті елдің жүрегін елжіретті

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
5634

Талғарда кісі қолынан қаза болған Шерзатқа белгісіз қыз хат жазып қалдырған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Шерзат қаза болған жерге марқұмның суреті мен гүл шоқтары қойылды. Жергілікті тұрғындар ол жерден хат тауып алды.

Хатты қыз бала жазған. Ол Шерзатты қатты жақсы көргенін жазыпты. 

“Шера, мен сені өте қатты жақсы көрдім және жақсы көріп қаламын. Мен сенің сүйіктің Шахнозбын. Сенімен өткізген барлық уақыт менің жадымда қалады. Мен сені сағындым”, деп жазылған хатта.

Еске салайық, бұған дейін Талғарда 16 жастағы жасөспірімнің кісі қолынан қаза болғанын хабарлаған едік. 

Күдікті ретінде 7 адам ұсталды, олардың арасында бұрын сотталғандар да бар. 

Қаскөйлер марқұм Шерзат Полаттың үйін өртеп жіберді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Щучинскідегі кафедегі өрт кезінде зардап шеккен тағы бір адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал имам, әлеуметтік желінің «жұлдызы» атанған теолог, дінтанушы Нұрлан қажы Асановт...