Еліміздегі азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау күшейтіледі

Жаңалықтар
468

Елімізде азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған заң жобасы қабылданады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында әділет министрі Азамат Есқараев айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері туралы заң жобасының бірінші блогында азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту көзделген.

Онда мына шаралар қарастырылған:

- азаматтарды қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартуды болдырмау;
- бұзушылықтарды және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толықтығын қамтамасыз ету үшін істі «пысықтауға» прокурорға қайтару мүмкіндігін болдырмау;
- кәсіпкерлік субъектілерін ревизиялау және тексеру ісін жүргізуді прокурормен міндетті түрде келісуді белгілеу;
- тінту, жеке тінту және алуды жүзеге асыру бойынша санкцияның 10 күндік мерзімін белгілеу;
- бұрын «қорғалуға құқығы бар куә» ретінде болған адамның айғақтарын дәлел ретінде пайдалануға тыйым салу;
- адамдардың өліміне байланысты емес аса ауыр қылмыстардың жекелеген түрлері бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу мүмкіндігін беру;
- қорғалуға құқығы бар куәні сараптамаға бастамашылық жасауға құқығы бар адамдар шеңберіне біріктіру;
- жазаның мөлшерлес болуын, сондай-ақ бас бостандығынан айырудың баламасын қамтамасыз ету мақсатында кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша еселенген айыппұлдарды енгізу.

Жаңалықтар

Бүгін елімізде атом электр станциясының құрылысына қатысты республикалық референдум өтіп жатыр, деп...

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...