«125 млн теңге ерекше балаларға»: Астанада қайырымдылық марафоны өтті

Фотолар: «Самұрық-Қазына» АҚ

Жаңалықтар
1142

1 маусым Балаларды қорғау күніне орай Триатлон саябағында «Charity Samruk Marathon – 2024» қайырымдылық марафоны өтті. Жиналған қаражат ерекше балалардың еміне аударылады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұқаралық жүгіруге қатысқан 1200-ден астам әуесқой спортшылардың көбі – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері.

Жарыс 5 және 10 шақырым қашықтық бойынша өтті.  Бұдан бөлек, 400 метрлік және 1 шақырымдық жарысқа 6 жастан асқан 200-ден астам бала қатысты.

«Бүгінгі іс-шараның мақсаты – бұқаралық спортты насихаттаумен шектелмейді. Ең бастысы, біз әлеуметтік жобаларды, соның ішінде ерекше балаларды қолдауға арналған жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатын 120 млн теңгеден астам қаражат жинадық. Қаражат жинастыру  жалғастырылып жатыр. Балаларға қолдау көрсету арқылы бұқаралық жүгіруге әлеуметтік мән беріп отырмыз. Бүгінгі марафон келешек ұрпақтың қамын ойлайтын саналы отандастарымыздың басын қосқанына қуаныштымын», деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Іс-шарадан жиналған шамамен 125 млн теңгеден астам қаражат – «Самұрық-Қазына» АҚ – «Samruk-Kazyna Trust» компаниялар тобының қайырымдылық қорына әлеуметтік жобаларды іске асыруға аударылады.

 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...