Құрметті Астаналыктар!Сіздерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атында...
Ұлттық банк көшеде «тегін фото не видео түсіріп беремін» дегендерге сенбеуге шақырады
Фото: Pixabay
111
Ұлттық банк көшеде «тегін фото не видео түсіріп беремін» дегендерге сенбеуді вйтып, жаңа алаяқтық айла туралы ескертеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Банк мәліметінше, алаяқтар өз кәсібін жаңадан бастаған фотограф немесе мобилограф ретінде таныстырып, «портфолио жинап жүрмін» деген сылтаумен қызметін тегін ұсынған болады.
Осылайша қолға түскен фото-видеоматериалдарды кейін ЖИ көмегімен дипфейк жасау үшін қолдануы мүмкін.
«Бұдан бөлек, мұндай материалдар түрлі алаяқтық схемаларда, соның ішінде жақындардан ақша аударуды сұрайтын жалған хабарламаларды тарату үшін де пайдаланылады», - делінген мәлімдемеде.
Ұлттық банк азаматтарды барынша сақ болуға шақырады.