Әнші Наркенже Серікбаева мен Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония директоры Ғалымжан Ерназар...
Бауырсақты насихаттады: Стамбулда 500 шелпек таратқан Айнұр Тұрсынбаева көпті тәнті етті
Фото: sn.kz коллажы
Ақын Айнұр Тұрсынбаева түріктереге қазақтың «жеті шелпегін» насихаттады. Ол әрбір қазақтың отбасында жұма күні жеті шелпек таратып тұру әдет екенін еске салып, түріктердің ықыласына бөленді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ақынның сөзінше, өздері бүгінде тамақтану орнын ашып алған. Ендігі мақсат шағын мейрамхананы дамыту.
«Қасиетті жұма күні түрік, қазақ, өзбек бауырлас ағайынға қазақтың дәмді шелпегін тараттық... Ниетіміз берекелі асханамызды насихаттау еді, қабыл болсын», - деді ол.
Оның сөзінше, астауға салынған 500 шелпекті өзі пісіріп, таратқан. Кәсіпкерлікке біржолата бет бұрған Айнұр Тұрсынбаева бірнеше жобаны қолға алғанын айтты.
«Өткенде Алматы облысының ауылында қазақша гамбургер жасап таратқан едік. “Бақыт&Байлық” жобасы қызу жүріп жатыр, Алла береке берсін», - деді ақын.