Үш күн бұрын жоғалып, дәретханадан өлі табылған 3 жастағы Асылым жер қойнына тапсырылды, деп хабарла...
Су тасқыны: Тұрғындарға 3 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді
Фото: Жылыой ауданы әкімдігінен
Құлсары қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен халыққа Маңғыстау облысының тұрғындары гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды madeniportal.kz Қоғамдық коммуникация орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазір еліміздің көптеген өңірлерінде су тасқыны жүріп, адамдар зардап шегіп жатыр. Осыны естіп, көріп отырған Маңғыстау халқы да үнсіз қалмады. Қазір қор құрылып, қаражат жиналып жатыр. Және өңіріміздің әр азаматы зардап шегіп жатқан ағайынға қадари-хәлінше көмек көрсетіп жатыр. Қазір біз Достық үйінің жанында тұрмыз. Осындағы Ассамблея үйі қызметкерлері жинаған гуманитарлық көмегін Бейнеу ауданына жөнелткелі жатырмыз. Бұл жерде негізінен азық-түліктер мен төсек жабдықтары бар. Себебі, Құлсары қаласын су алуына байланысты қала халқының басым бөлігі Бейнеуге эвакуацияланды. Бұл көмек су тасқынынан зардап шеккен Атырау халқы үшін жиналды. Әрі қарай да бұл игілікті шаралар жалғасын табады», деді МО Қазақстан Халқы Ассамблея үйі жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов.
Маңғыстау өңірінен көрші облыс тұрғындарына көмек толастар емес.
«Қазір Құлсары қаласынан Бейнеуге 8 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Кей аудандарда үйлер толығымен су астында қалды. Сондықтан адамдар көмекке мұқтаж. 1 сәуір күні бірінші гуманитарлық көмек жіберілді. Бүгін екінші ауыр жүк көлігі аттанып бара жатыр. Осы орайда Маңғыстау тұрғындарына үлкен рақметімді білдіргім келеді. Бұл акция «Жүректен жүрекке» деп аталады», деді Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, облыс әкімінің Қазақстан халқы Ассамблеясы мәселелері жөніндегі орынбасары Ирина Беляева.