Семейде шыршадан құлаған мұғалім: қала әкімнің орынбасары күдікке ілінді

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2257

Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде биіктен құлап, жарақат алған мұғалімнің ісі бойынша қала әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев күдікті деп танылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, әкім орынбасарына қатысты тергеу өткен жылдың 27 желтоқсанында басталған. Тергеудің негізгі себебі – Хамзаев мұғалімдерді қызметтік міндеттеріне қатысы жоқ жұмысқа тартқан.

Тергеу "ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 21 желтоқсанда Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде мұғалім Қуат Айтқали биіктен құлап, зардап шеккен. Осы жағдайдан кейін ауданның білім бөлімінің бастығы қызметінен кетті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...