Алматыдағы әйелін сабаған "батыр" қамауға алынды

Бейнежазбадан

Жаңалықтар
477

Алматыда бұрынғы жұбайын аяусыз ұрып-соққан ер адамды полиция ұстады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

"Бұрынғы жұбайына дене жарақатын салған ер адам ұсталды. Сот шешімімен бөтеннің мүлкін қиратып, қасақана бүлдіргені үшін және ұрып-соққаны үшін ол 25 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, айыппұл салынды. Құқық бұзушы қамауға алынды",-деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада әлеуметтік желіде Алматыда әйелді аяусыз ұрып-соққан әрекеттер түскен бейнеролик тараған болатын. Қыздың аты Салтанат екені белгілі болды. 11 жылдық некеден кейін әйел ажырасуға шешім қабылдады.

"Мен абьюзермен некеде 11 жыл тұрдым, төрт баламыз бар. Көптеген жылдар бойы моральдық және физикалық зорлық-зомбылық болды. Соңғы жылы онымен өмір сүру өте қиын болды! Ұрып-соғу мен қорлау жиілеп, одан сайын күшейе түсті. Мен бұл адамнан қорқамын! Бұл адамның өзі бұрынғы тәртіп сақшысы және қазіргі заңгер, тамыр-танысы көп, бәрін қоңырау арқылы шеше саламын және кез-келген адамды, кез-келген затты сатып ала саламын деп ойлайды. Сондықтан бұл әрекеті үшін ол тиісті жазаға тартылуы керек", - деп жазды әйел.

Өз кезегінде Салтанаттың бұрынғы күйеуі де бейне хабарлама жазып, Бұрынғы әйелінен, оның туыстарынан кешірім сұрады және өз "шындығын" айтты.

 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...