ҚР Президенті Жарлығымен Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақо...
«Дала Қырандары» Астанада заңсыз дәрілер саудасын әшкереледі
Madeniet Portaly
Астанадағы Aura Farma дәріханасында прегабалиннің заңсыз сатылғаны анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
Астанада «Дала Қырандары» жастар қозғалысына қарасты SAQ жасақтары Aura Farma дәріханасынан прегабалиннің рецептсіз сатылғанын анықтады. Рейд 21 қараша күні Байтурсынұлы көшесі, 23/2 мекенжайында өтті.
Белсенділердің айтуынша, дәл осы дәріханада оларға препарат екі рет рецептсіз сатылған. Видеодәлелдермен нысанға қайта келген кезде фармацевт заңсыз сауданы жоққа шығарған. Оқиға орнына шақырылған полиция қызметкерлері фармацевттен түсініктеме алып, дәрілерді сараптамаға тәркіледі және видеоматериалды айғақ ретінде қабылдады. Сараптама нәтижелерінен кейін іс сотқа жіберілмек.
Белсенділер берген мәліметке сәйкес, фармацевт бұған дейін де препаратты рецептсіз сатып, бағасын да көтеріп жіберген.
Неліктен бұл маңызды?
Прегабалин – тәуелділік тудыратын, дұрыс қолданылмаса психикалық және мінез-құлықтық бұзылуларға әкелетін күшті препарат. Соңғы жылдары оның заңсыз айналымы жиілеп, жастар арасында теріс мақсатта пайдалану көбейіп келеді.
Рецептсіз дәрі-дәрмек сату – қоғам үшін қауіпті құбылыс. Мұндай құқықбұзушылық көлеңкелі нарықтың кеңеюіне және ең алдымен жастар денсаулығына қауіп төндіреді.