Терроризмді насихаттаған 4 адам ұсталды

Фото: Ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1610

Осы жылдың 17 сәуірде ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында Қазақстанның 4 азаматын ұстады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Олар республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның әрекетіне қатысты және ұйымдастырды деп күдіктеледі. Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында көптеген діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды», -делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Атап өтетін жайт, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

Сотпен ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану сұрағы шешілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маскадағы жігіт тағы бір отбасыға көмектесті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Бұл жолы маскадағы жі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Журналист Диас Ахметшәріп көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Журналист Диас Ахметшәріптің м...