Қаллеки театры «Жұбайлар жұмбағы» музыкалық комедиясына жаңа тыныс сыйлады

ТЕАТР
2530

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры 20-21 қазан күндері «Жұбайлар жұмбағы» /«Жарқанат»/ музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Туынды авторы – Иоганн Штраус. Аударған – Есім Сегізбаев. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов. Бас дирижер – «Мәдениет саласының үздігі» Ерлан Бейсембаев. Қоюшы суретші – Қанат Мақсұтов. Киім суретшісі – Шынар Елембаева. Хормейстер – Ержан Сансызбаев. Хореограф – Салтанат Жолымбаева. Вокал шебері – Қазақстанның Халық артисі Хорлан Қалиламбекова. Концертмейстер – Татьяна Развина.

«Жұбайлар жұмбағы» қойылымынан көрініс (реж.: Н.Жұманиязов)

И.Штраустың «Жарқанат» музыкалық комедиясы Қаллеки театрында «Жұбайлар жұмбағы» атауымен алғаш рет 2010 жылы сахналанып, он жыл бойы көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. 

Жаңа сахнаға көшкен театр реперутарына көрермендердің сұранысы бойынша аталмыш қойылым 2021 жылы қайта жаңартылып қосылуда. Премьераның бірінші күнінде /20 қазан/ спектакльдің алғашқы жұлдызды актерлік құрамы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Нұркен Өтеуіл, Айнұр Бермұхамбетова, Қуандық Қыстықбай, актриса Гауһар Жүсіпова, ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты Жасұлан Ерболат, актер Ержан Нұрымбет, Дастан Әлімов, Жәнібек Мұсаев көрерменмен қайта қауышады. 

Ал 21 қазан күні «Жұбайлар жұмбағы» қойылымын театрдың жас буынынан құралған жаңа актерлік құрамымен тамашалай аласыздар. Жаңа құрамда – ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты Жасұлан Ерболат, жас актриса Ақжан Құрмашева, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Шах-Мұрат Ордабаев, Сағыныш Нұрқайдарова, Әнуар Бектас, Ұлан Қабыл, Біржан Жүнісов, Бекарыс Шалқар сынды жас актерлер өнер көрсетеді. 

«Жұбайлар жұмбағы» – ХІХ ғасырда әйгілі австриялық композитор Иоганн Штраустың қаламынан туындаған музыкалық шығарма. Туынды алғаш сахнаға шыққан сәтінен бастап театр көрермендерінің ыстық ықыласына бөленген. Филиграндық иронияға және нәзік әзілге құрылған музыкалық комедияның мелодрамалық және комедиялық стилі көрерменге оңай қабылданады, ал жағымды, қарапайым музыкасы мереке мен бақыт сезімін сыйлайды.

«Жұбайлар жұмбағы» қойылымынан көрініс (реж.: Н.Жұманиязов)

«Жұбайлар жұмбағы» шығармасының сюжеті әрқашан өзекті болып табылады. Себебі онда отбасылық өмірдің, ерлі-зайыптылық қатынастардың, махаббат пен қызғаныштың, қуаныш пен қайғының мәңгілік мәселелері сипатталған. Шығарманың басты кейіпкерлері кездесетін ерекше жағдай көрермен үшін бүкіл эмоциялар палитрасын ашады. Опасыз Эйзенштейн әдемі бейтаныс кейпінде пайда болған өзінің әйеліне ғашық болуға мәжбүр болады, ал сұлу да сымбатты Розалинда ескі сезімдерді қалпына келтіру және отбасылық ошақты сақтау үшін әйелдердің даналығы мен сүйкімділігінің жаңа қырларын түсінуі керек.

Жұбайлар өмірінде сыр мен жырға, жұмбаққа толы сәттер көп кездеседі. Олардың арасында жазылмаған заңдылықтар мен ережелер болады. Ерлі-зайыптылар тұтастығы мен ерекшелігін сақтап қалуда жасалған әрекеттер махаббат заңымен ақталып, қолдау табады.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Шерзат Полаттың туыстарының құқығын қорғайтын адвокат Карина Көшербаева қанды оқиға болған түні дүке...

Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Талғардағы Нұрымовтар әулетінің басындағы ауыр жағдайды Ішкі істер...