Фермерлер егін егуге үлгермеуі мүмкін - сенатор

Фото интернеттен

Жаңалықтар
499

Тасқын судан зардап шеккен аймақтардағы диқандар егіс науқанын уақытында бастай алмауы мүмкін. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Арман Өтеғұлов айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Депутат қазіргі жағдай жедел әрекет етуді қажет ететінін атап өтті. Өйткені көктемнің әр күні жылға азық. Бүкіл елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде әр күн маңызды.

«Су басқан жерлер астық егетін өңірлерге тиесілі болғандықтан, көктемгі егіс науқанын дұрыс өткізуге қатысты сұрақтар туындап отыр. Қазірдің өзінде егін салу мерзімінің ұзарып кету қаупі бар. Ал, бау-бақша, көкөніс өсірушілердің, саяжай серіктестіктерінің жағдайы өте нашар. Олардың техникалары, суару жүйелері мен трансформаторлары зақымдалды, жылыжайлар бұзылды, алқаптары су астында қалғанын көріп отырмыз. Жедел деректер бойынша Ақтөбе, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында 200 тоннаға жуық тұқым қоймаларын су басқан. Өкінішке қарай, Ауыл шаруашылығы министрлігі қазірге дейін еліміздегі су астында қалған егістік туралы нақты мәлімет берген жоқ», - деді Арман Өтеғұлов Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына жолдаған сауалында.

Сенатор мал шаруашылығының шығыны мен аса қауіпті инфекциялардың пайда болу қаупіне, су тапшылығының алдын алуға қатысты мәселелерді көтерді. Арман Өтеғұлов осыған байланысты еліміздің Премьер-Министрінен бұл мәселелер бойынша ақпарат беруді сұрады.

«Қазір су басқан өңірлердегі зардап шеккен егістіктің көлемі қандай? Қанша егістік тасқынның салдарынан айналымнан шықты? Фермерлер биыл егін егуге үлгере ала ма? Егіс егіп үлгермеген шаруаларға алатын пайдасы қалай өтелетін болады? Шығын болған мал басын толтырудың тетігі бар ма? Қанша ауыл шаруашылығы техникасы суға кетіп, істен шықты, оларды қалпына келтіру жұмыстары қалай жүргізіледі?»,- деп сұрады сенатор Өтеғұлов.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...