Халықаралық фестиваль С.Еслямова басты рольді сомдаған фильммен ашылады

Жаңалықтар
732

15 қыркүйекте Алматыда жаңа Халықаралық кинофестиваль шымылдығын түреді. Бұл шара қала әкімдігінің бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 

Almaty Film Festival режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмімен ашылады. Айта кетейік, Канн киновестивалінде қазақстандық актриса Самал Еслямова осы кинотуындыдағы үздік әйел ролі үшін марапатталған болатын. «Бұл кинофестивальдің мақсаты – Қазақстан киноиндустриясына халықаралық жобаларды тартып, Алматының мәртебесін әлемге таныту» дейді ұйымдастырушылар. Негізгі байқауға 10 фильм қатысады. Олар «Үздік режиссер», «Үздік актер», «Үздік актриса» аталымдары бойынша марапатталады. Конкурстан тыс 21 фильм көрермендер назарына ұсынылмақ. Үздіктерді отандық және шетелдік киномамандардан құралған қазылар алқасы сарапқа салады. Сонымен қатар халықаралық кинофестиваль барысында «Тұлпар» ұлттық сыйлығы табысталады. Айта кетейік, кинофестиваль аясында көрсетілетін киноларды алматылық көрермендер тегін тамашалай алады.

Ақан Сатаев, «Almaty Film Festival» президенті:

 - Біз Халықаралық жоба арқылы шетелдік әріптестерімізді Алматы мен Алматы облысы аумағында бірлесіп кино түсіруге тартқымыз келеді. Бұл бірінші кезекте жекеменшік киноға үлкен қолдау болар еді. Сондай-ақ, халықаралық деңгейге шығуға, отандық киноиндустрияны дамытуға үлкен мүмкіндік.

 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...