Қазақстанда 1 маусымнан бастап не өзгереді?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
979

Абу-Даби мен Вьетнамның Дананг қаласына Алматыдан тікелей рейстер ашылады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Олар аптасына 2-3 реттен ұшады.

Жүк көліктеріне шектеу қойылады. 1 маусымнан бастап күндіз ауа температурасы +25 °C-тан жоғары болса, ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Қазақстандықтар Құрбан айтқа орай үш күн демалады. Биыл айт 6 маусымға – жұма күніне күніне түскендіктен,  қазақстандықтар  6-8 маусым аралығында үш күн демалады.

Смартфондарды тегін верификациялау мерзімі аяқталады.

Қазақстанда жеке тұлғалар үшін ұялы телефонды тегін верификациялау мерзімі 25 маусымға дейін ұзартылған болатын. Ал верификациядан өтпеген смартфондар "қара тізімге" енгізіліп, бұғатталады. Бұған дейін осы мәселеге қатысты заң күшіне енген болатын. Бірақ шектеу мерзімін маусымға дейін ұзартуға шешім қабылданды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...