Донор болуға көп талап қойылмайды. Керісінше, тұрақты түрде қан тапсыратындардың өмірі шамамен...
«Жырлайды жүрек» атты жазба ақындар мүшәйрасы жарияланды
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жыр қағаны Жұматай Жақыпбаевтың 75 жылдығына орай "Жырлайды жүрек" атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасын жариялайды.
Мүшәйраны өткізудің мақсаты:
– көрнекті ақын, қарымды қаламгер, сөз зергері Жұматай Жақыпбаевтың жарқын бейнесін дәріптеу;
– мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;
– әдебиеттің дамуына ықпал ету.
Мүшәйраны ұйымдастыру тәртібі:
Басқарма мүшәйраның ұйымдастырушысы болып табылады.
Мүшәйраны өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және аталмыш басқарманың интернет-ресурсына орналастырылады.
Мүшәйраның шарттары:
Мүшәйраға қатысушылар екі өлең жолдауы шарт:
1) Арнау өлең (Ж.Жақыпбаевтың жарқын бейнесін, бірегей болмысын суреттеу);
2) Еркін тақырып.
Әр автордың өлеңі компьютерге Times New Roman қарпімен, 1,5 интервалымен, 14-кегльмен терілуі және үш беттен аспауы шарт.
Мүшәйраға қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды.
Өлеңді бағалауда мазмұнына, идеясына, құрылымына, көркемдігіне және тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі.
Мүшәйраға барлық шартқа сай (техникалық, мазмұндық басқа да) әзірленген өлеңдер қабылданады.
Қатысушылар өздері туралы мәліметті (жеке куәлігінің көшірмесі, байланыс телефондары мен төменде берілген кестені толтырып), 2020 жылғы 10 наурызға дейін электронды түрде asemake@mail.ru электронды поштасына жолдауы қажет.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, Алғыс хаттармен және ұйымдастырушылармен бекітілген жүлде қорының көлеміндегі сыйлықтармен марапатталады.
Қорытынды ережелер:
Мүшәйраға келіп түскен өлеңдерді танымал қаламгерлерден құрылған қазылар алқасы сараптайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
Мүшәйраға түскен барлық өлең іріктеліп, үздік деп танылғаны басқарманың ресми сайтында жарияланады.
Біздің мекенжайымыз: Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров көшесі, 36 Б, Тіл сарайы, 20-кабинет. Байланыс телефоны: 8(7282)40-01-60, факс: 30-59-50, e-mail: asemake@mail.ru.