Бүгін Павлодар облысының түкпір-түкпіріндегі тұрғындар сенбілікке бірыңғай еңбек қарқынымен шықты. Э...
«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының мүшелері ел аймақтарына жұмыс сапарын бастады
«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры
Қор өкілдері өңірлердегі ахуалды жете түсініп, жергілікті жұмысты үйлестіру және ұйымның іс-қимыл жоспарын айқындау үшін көшпелі кездесулерін бастады. Мұндай кездесулерге Қуаныш Жарлықас, Дана Рысмұхамедова, Гүлжан Мархабаева, Жәнібек Даринов секілді қор қызметкерлері мен басқа да өкілдеріқатысады.
Қордың алғашқы жұмыс сапары Көкшетауда өтті. Бұл кездейсоқтық емес. Ел бойынша Қордың ең көп белсенді жақтастары Ақмола облысында тұрады. Қордың бұл өңірдегі қызметі басталған бес айда Қор жақтастарының саны 290 адамға жетіп қалды. Олар аймақтың әлеуметтік белсенді азаматтары және олардың мүдделері Қордың негізгіқұжаты - Манифестте көрсетілгенқағидаларментұспа-тұс келеді. Қоржақтастарыныңарасындаөнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері, құрылысшылар, түрлі қоғамдық ұйым өкілдері, ғалымдар, мұғалімдер мен дәрігерлер, заңгерлер, қала, аудан мен ауылтұрғындары бар.
Ақмола облысындағы Қор жұмысын белгілі азаматтық белсенділер атқарып келеді. Олар, өңірдегі өкілдік жетекшісі Бақыт Смағұл, ұйымдастырушы Владислав Щуль, журналист және PR маманы Абзал Тоқпанов. Бұдан бөлек, облыстағы үкіметтік емес сектордың 7 беделді көшбасшысы «Әділдік және Өркендеу» қоры қолға алған негізі жұмыс бағыттарына қосылып, еңбек құқықтарын қорғау, сапалы медицинаға тең қолжетімділік, жастар бастамаларын қолдауғажан-жақтыатсалысыпотыр.
Кездесу барысында қор жұмысынан бөлек, аймақ тұрғындарын алаңдатып отырған проблемалар да көтерілді. Және жиналған белсенділер оның шешіміне Қордың қатысқанын қалайды, диалог алаңын ұсыну арқылы тиісті органдармен талқылау немесе осы мәселені Үкімет пен Парламентке жеткізу және өзге де тәсілдер арқылы өңірдегі өзекті мәселенің шешімін күтеді. Мысалы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Ерлан Наурызбаев кездесуде Еңбек кодексін жетілдіру мәселесін көтерді. «Еңбек кодексінде кейбір баптар дұрыс жұмыс істемейді. Заңды тұрғыда жұмыс беруші мен жұмыскер тең дәрежеде десек те, көбіне жұмыс беруші біржақты тәртіппен, ықпал етеді, нәтижесінде жұмыскер қиналып қалады. Сондықтан, кәсіподақтардың белсенділігін арттыру керек деп ойлаймын. Және кәсіподақ төрағалары сол мекеменің өз ішінен емес, сырттан шақырлған менеджерлер басқарса тиімді болатын еді деп ойлаймын», - деді заңгер Е.Наурызбаев.
«Көкшетау Жылу» МКК бас директорының орынбасары Асқар Нұрмағанбетов энергетика саласындағы өткір проблемаларға тоқталып өтті. «Көкшетау Жылу» МКК - Ақмола облысындағы ең ірі кәсіпорын, мұнда 700-ден астам адам еңбек етеді, кәсіпорын қаладағы 5 мыңға жуық нысанды жылумен қамтамасыз етіп отыр.
«Біздің кәсіпорында тариф белгілеуге қатысты едәуір заңнамалық мәселелер бар. Соңғы үш жылда бұл түйіткілдер біздің нысандарды аралаған министрлер мен вице-министрлердің алдында бірнеше рет көтерілді. Өкінішке қарай, бұл әрекеттерімізден әлі күнге дейін оң нәтиже шықпады», - деді А. Нұрмағанбетов.
«Қазандық ретінде Энергетика министрлігі, кәсіпорын ретінде Өнеркәсіп министрлігі, ал тарифтер бойынша Ұлттық экономика министрлігінің қарамағындамыз. Яғни, Аққу, Шортан һәм Шаян секілді тарифтерді белгілеу мәселесінде әлі мәмілеге келе алмай жүрміз, бұл тек біз үшін ғана емес, жалпы ел үшін маңызды, әзірге ол шешілмей тұр», - депқосты спикер.
Кездесуде шағын кәсіп иесі, көп балалы ана Эльвира Мұқашева да сөз сөйледі. Ол Ақмола өңірін аққа жарытып, буррата, моцарелла, халуми сынды ірімшіктің түр-түрін өндіріп отыр. Кәсіпкер өз өнімдерін сапасына ешкім сын айта алмайтын көкшетау сүтінен жасап шығарады. Нәтижесінде, дәм тіл үйіретін ірімшіктер жергілікті халықтың сұранысына ие, сондықтан ірімшік зауытының даму әлеуеті зор. Алайда, қолданыстағы заңнама қазір кәсіптің бұл түрін тиісті деңгейде дамытуға мүмкіндік болмай тұр, заң ескірген, өзгерту керек дейді Эльвира Мұқашева. Мәселен, өндіріс көлемі бір келі немесе он тонна болатын кәсіпорындар үшін заң нормалары бірдей. Э. Мұқашева Қордан осы мәселені шешуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын қатыстырып, заңдыжетілдіругекөмексұрады.
Ал, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің комплаенс-офицері, заңгер Бекнұр Амангелді Қордың жастар бастамаларын қолдау жөніндегі бастамаларына өз ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, ол асханада қолжетімді баға орнату арқылы студент жастардың сапалы тамақтануын қамтамасыз ету керек деген ұсынысымен бөлісті. Сондай-ақ Б.Амангелді Қордың «Әділдік құқығы» интернет-қабылдауында тегін заңгерлік көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Азаматтық белсенді, еңбек ардагері Есболат Дүйсенбаев «халықтық бақылау» жүйесін жандандыру туралы ой қозғады. Бұл ұсыныс Қордың қоғамдық мониторинг жүргізу жұмыстарына сай келеді. Сол себепті аймақтың қажеттіліктерін ескере отырып, осы бағыттағы қызметті нақтылаутуралышешімқабылданды.
Жалпы, бұл кездесу нәтижелі және ұйымның одан әрі дамуы үшін пайдалы болды. Мәселен, өңірдегі мәселелерді шешуге азаматтық секторды тарту үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар шоғырланған Степногорск қаласында, туристік салада жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қолдау мақсатында - Бурабайда және Ақмола облысының басқа аудандарында да Қор өкілдіктерін ашу мүмкіндігін қарастыру туралы шешім қабылданды. Көкшетауда өткен өңірлік кездесуде айтылған дүниелер жан-жақты зерделеніп, жинақталып, Қордың іс-қимыл бағдарламасына енгізіледі. «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының көшпелі кездесулері өзге өңірлерде жалғасады.
Еліміздің әр өңіріндегі белсенді азаматтар бірлесіп құрған «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының мақсаты - әділетті Қазақстанды құруға өз үлесін қосуға дайын белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдарды біріктіру. Осылайша, «халық үнінен құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жоғарыдан емес, халықтың өз арасынан бастау. Қор белсенділерінің пікірінше, қоғамдық күштер бірігіп, белсенділік танытқанда ғана проблемалар тез әрі тиімді шешіледі.