Астанада «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХX еңбек маусымы салтанатты түрде ашылды

Астана қаласының әкімдігі

Жаңалықтар
493

Елордада «Студенттік құрылыс» және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХX еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Іс-шара Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, республикалық студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.

20 жыл ішінде Астана қалалық «Жасыл ел» штабы елеулі еңбектер атқарып, 14 және 35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар мен студенттерді жазғы еңбек маусымында жұмысқа орналастырып келеді.

«Биыл аталған жобада 4200 астаналық жасты жұмыспен қамтамасыз етеміз деген мақсатымыз бар. «Жасыл ел» жобасына 14 пен 35 жас аралығындағы жастар келіп жұмыс істей алады. 14 жасқа толған оқушы балалар өз мектептері маңында жұмыс істейді, одан бөлек жазғы мезгілде саябақтарда ағаштарға күтім жасайды, арамшөптерін тазалайды, экологиямыздың көркеюіне өз үлесін қосады. Жобаға келген қатысушылар киімдермен және бір айлық мөлшердегі еңбекақымен қамтамасыз етіледі. 14-16 жас аралығындағы балалар жас ерекшеліктеріне қарай аптасына 5 күннен, ал күніне 4 сағаттан көп емес жұмыспен қамтылады. Жобаға қатысуға ниет білдіргендер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан толықтай хабардар бола алады», - дейді «Жасыл ел» жобасы жетекшісінің орынбасары Бақытбек Әбдірашид.

Сонымен бірге, көпбалалы отбасылардың, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын жазғы уақытта жұмысқа орналастыру көзделген. Ал жобаға қатысатын жастар арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

«Жоба туралы былтыр әкімшіліктің Instagram парақшасынан біліп, қатысуға ниет білдірдім. Жұмыстың қиындығы жоқ әрі бос уақытыңды тиімді өткізуге қолайлы. Міне, биыл да «Жасыл ел» еңбек жасағы қатарына қосылып отырмын», - дейді мектеп оқушысы Абай Қабылбек.

Айта кетейік, «Жасыл ел» жобасының биылғы ұраны – «Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі».

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...