«Балаңды емдетпесең, кейін кеш болады»: Дильназ Ахмадиева жан сырын ақтарды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
366

Белгілі әнші Дильназ Ахмадиева ерекше бала тәрбиелеудің жауапкершілігі мен қиындықтары туралы ой бөлісті. Бұл туралы ол Commutator Казахстан арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

«Ұлым Зидан биыл беске толды, бірақ әлі сөйлей қойған жоқ. Кейде менен бір нәрсе сұрағанда, “Бұрыннан неге сөйлемейсің?” деп қалам. Сонда ол: “Қажет болмады” дейді. Бәрін ұғады, түсінеді. Осы ұлыммен үздіксіз жұмыс істеп келемін», – дейді әнші.

Дильназ баласының аутист екенін мойындағанын, қоғамнан шеттетпей, оған барынша қолдау көрсетіп жүргенін айтады.

«Коррекциялық орталықтарға бірге барамыз. Аутист бала адам емес пе?! Бүгінде қаншама ата-ана ерекше балаларды тәрбиелеп отыр. Олардың арасында Даун синдромымен туғандар да, тірек-қимыл жүйесінде ақауы барлар да бар. Біз ондай балаларды қоғамнан оқшаулай бермеуіміз керек», – деді ол.

Сонымен қатар, әнші тұрмысқа шықпаған қыздарға өз кеңесін де қоса айтты.


«Жасың ұлғайған сайын ақылың да толысады екен. Жас кезде күйеуге шықсаң, жарыңның теріс мінездерін байқамауың мүмкін. Ал орта жасқа келгенде шешімді ойланып қабылдайсың. Дегенмен, өнер саласындағы қыздардың үйде отыруы оңай емес», – деді Дильназ Ахмадиева.