Жастар – ел ертеңі

фотосурет ашық дереккөзден

Жаңалықтар
158

Бұл жайдан жай айтыла салған сөз емес. Өйткені бүгінгі жастар қандай болса, ертеңгі қоғамның келбеті сондай болмақ. «Жас өспей ме, жарлы байымай ма» демекші, бүгінде мемлекеттік қызметтің, ғылым мен білімнің әр саласында жүрген азаматтардың жасы ұлғайып, олардың орнына қазіргі жастар келмек. Бүгінгі аға-апаларының ісін осы жастар жалғамақ. Жастарымыз қаншалықты білімді әрі іскер, ең бастысы отансүйгіш болса, мемлекеттің Тәуелсіздігі соғұрылым баянды болмақ. Ел даму жастардың белсенділігіне байланысты. Қазақ халқының мәдениеті мен тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, саяси тұрақтылығы солардың азаматтық ұстанымына қарай қалыптасады, деп жазады madeniportal.kz.

Жастар қай құрылықта да, қай заманда, қай мемлекетте де қоғамның қозғаушы күші болған және солай болып қала бермек. Бұл өмір заңы, өрлеу заңы. Жастар – асқақ арман мен ұшқыр қиялдың, үлкен үміт пен өр мақсаттардың, ақ адал ар мен қайсар намыстың символы.

Осы тұрғыдан алғанда, шырайлы Шымкент қаласы атқарушы билігінің мұрындық болуымен, жалпы қалың бұқараның қолдауымен қалада жастар қауымен жыл сайын кездесулер тұрақты өтіп тұратынын айта кеткеніміз жөн. Мұнда жергілікті билік жастармен еркін формада емен-жарқын әңгімелесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, ой алмасып, қоғам дамуындағы маңызды мәселелерді бірлесіп талқылайды. Аға буын жас қауымға өздерінің ақыл-кеңестерін айтады.

Мұндай кездесулердің мемлекет үшін де, қоғам үшін де маңыз-мағынасы зор.  Жастар – жалынды күш, олардың бойындағы осы қуат пен білімді ел дамуы жолында дұрыс арнаға бағыттай білсе, осы қайратты игілікті істерге жұмылдыра білсе, олар алмайтын қамал да, қиындық та жоқ-ау, сірә! «Болам деген баланың бетінен қақпа, белін бу» дейді қазақ, сондықтан жас өрендердің жігерін жасытпай, олардың әрбір бастамасына қолдау көрсетіп отырудың маңызы зор. Тек сонда ғана еліміз әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекетіне айналып, әділетті, өркениетті қоғам орнатыны анық.

«Қазыналы қарты жоқ елде ақылды жас қайдан шықсын?» демекші, бұл істе өскелең ұрпаққа бас-көз болатын, жөн сілтейтін аға буынның үлгісі керек-ақ. Елімізде қоғамға, мемлекетте орасан зор еңбек сіңіріп жүрген, өмірдің әр саласында үлкен жетістіктерге жетіп жатқан ондай заңғар тұлғалар аз емес. Жастар соларға қарап бой түзейді, солардың үлгісін алады. Мұндай кездесулер осы тұрғыдан да аса пайдалы.  Мемлекеттің ертеңі білімпаз, отаншыл, еңбекқор, халқының жоғын жоқтайтын жастардың қолында.

Жастар қауымы қазірдің өзінде қоғам өміріне белсене араласып, түрлі салалар бойынша жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Олар түрлі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің белсенді мүшелеріне айналған. Қаладағы барлық атаулы даталар мен маңызды іс-шаралар жастардың қатысуынсыз өтпейді. Аталған жиын да осы сөзіміздің бір айғағы іспетті. 

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...