Майқайыңда екі жігіт бір үйдің ұлы мен қызын зорлаған: Сот үкімі шықты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2386

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бір үйдің ұлы мен қызын зорлаған екі ер адамның ісін қарап, бірін 22 жылға, екіншісін 15 жылға соттады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Екі ер адам 2009 жылы туған қыз небары 10 жаста болғанда оны топпен зорлаған. Кейін оның 2008 жылғы ағасын да зорлап, қорлаған.

«Істің мән-жайын заңмен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді. Сотталушылардың жасаған қылмыстары аса ауыр қылмыстар санатына жатады және тек бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, бір ер адамды 22 жылға, ал екіншісін 15 жылға соттады», - деп хабарлайды Павлодар облысының соттары.

Сот бұдан өзге екеуін де өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандарға қатысты лауазымдармен айналысу құқығынан айырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...