Мемлекет басшысы «Jas Galym. Science Quest» фестиваліне қатысушы балалармен жүздесті

akorda.kz

Жаңалықтар
3011
🔹Президент Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда ұйымдастырылған «Jas Galym. Science Quest» фестиваліне барып, балалармен кездесті.

🔹Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін фестиваль биыл ғылым тақырыбына арналған. Қасым-Жомарт Тоқаев қала оқушыларымен бірге «Science», «Engeneering», «Art», «Technology» және «Mathematics» станцияларын аралап көрді. Квест форматында ұйымдастырылған шарада оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды.

🔹Мемлекет басшысы балаларды мерекемен құттықтап, келешек ұрпаққа зор үміт артатынын айтты. Сондай-ақ жеткіншектердің ғылыми ізденісі мен шығармашылығын шыңдауға үлес қосқаны үшін фестиваль ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...