Оралда үш баланың анасы Айнагүл жоғалып кетті, оның кіші ұлы небәрі 4 жаста, деп хабарлайды madeni...
«Қойша қырып жатыр»: Журналист оқушыларды суицидке итермелейтін ойынды көрсетті
Нәзия Жоямергенқызы
Белгілі журналист Нәзия Жоямергенқызы ата-аналарға ескерту жасады
Жаңа оқу жылы басталғалы мектеп оқушылары арасында өз-өзіне қол жұмсау фактісі көбейген. Журналист Нәзия Жоямергенқызы оқушыларды суицидке итермелеп отырған ойынды көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Ата-аналар, мына Schoolboy Runaway ойыны қауіпті деп жатыр. Балаларыңыздың телефонын тексеріп көріңіздер. Абай болыңыздар! Мен әдейі кіргем. “Үйдегі заттарды ұрла да, терезеден байқатпай шығып кет”, - деді бір еркек дауыс. Ересектерге ғой, әсер ете алмайды. Ал балаларға психологиялық ықпалы күшті екені анық. Соңғы жылдары балаларды машинаның астына түсуге, көпқабатты үйлерден секіруге мәжбүрлеп жатқан да осы ойын дейді. Алла Тағала балаларымызбен сынамасын», - деп жазды журналист желідегі парақшасына.