Үкіметте колледж бен жоғары оқу орындарының студенттерін жатақханамен қамту мәселесі қаралды. ҚР Пре...
«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырған 2 блогерге сот үкімі шықты
Ашық дереккөзден алынған
TikTok әлеуметтік желісінде құмар ойындар ұйымдастырғаны және өткізген блогерлер сотталды.
Астана қаласы прокуратурасының хабарлауынша, сот үкімімен елорданың 2 тұрғыны Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Кінәлі деп танылған тұлғалар TikTok әлеуметтік желісінде «Зарик» атты құмар ойын өткізді. Ойынның шартына сәйкес, тікелей эфирге қосылған азаматтар 500-ден 4000 теңгеге дейінгі мөлшердегі белгіленген соманы ұйымдастырушының есепшотына есімін және ұтыс алу үшін жеке телефон нөмірін көрсете отырып жолдайды. Бір ойын тек екі қарсыластың арасында өтеді. Бәс тігудің жеңімпазы 3 ойын текшесін айналдыру арқылы анықталып, жеңімпаз атанады», - деп жазылған хабарламада.
Құмар ойын ұйымдастырушылар жалпы сомасы 34 млн теңге заңсыз табыс тапқан.
Үкім заңды күшіне енді.