Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездесті

ЖАҢАЛЫҚТАР
2635

Ұлытау ауданының мәдениет үйінде облыс әкімінің халықпен кездесуі өтті. Өңір басшысы жиналғандарға Ұлытау ауданында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. 


Олар денсаулық сақтау, білім беру, агроөнеркәсіптік кешен және ТКШ, құрылыс пен табиғатты пайдалану салаларына қатысты болды.

Халық үшін маңызды жобалардың қатарында орталық аудандық аурухана мен жеті фельдшерлік – акушерлік пункт салу жоспары бар. 

Сонымен қатар, 2024 жылы 400 орындық маусымдық этнотуристік лагерь, ал 2025 жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық мектеп құрылысы басталады.

Бірқатар облыстық басқармалар басшыларының есептерін тыңдаған, Берік Әбдіғалиұлы жауапты тұлғалардың алдына тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу бойынша нақты міндеттер қойды.

Бұдан әрі өңір басшысы мен жауапты тұлғалар ашық микрофон форматында халықтың барлық сұрақтарына жауап берді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Австралияның Сидней қаласында белгісіз екі адам Бонди-бич жағажайындағы адамдарға оқ атты, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан құрамасы Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында 68 медаль...