Қайрат Сатылбалдыұлының қылмыстық ісіне қатысты 44,6 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды

Жаңалықтар
391

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 44,6 млрд теңгені қайтарды. Бұл туралы  madeniportal.kz хабарлайды. 

Антикор төрағасы Асхат Жұмағали үкіметтің кеңейтілген отырысында президенттің айтылған тапсырмаларын іске асыру бойынша құрылымдық және аумақтық департамент басшыларымен жедел кеңес өткізді.

Кеңес барысында Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша  істен соң 44,6 млрд теңгенің қайтарылғаны айтылды. Қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді.

"Бюджеттен бөлінген қаржы түпкі мақсатына жетуі керек. Біздің сүйемелдеуіміздегі құрылыстары ұзаққа созылған нысандардың уақытылы берілмей, сапасыз салынуы көбіне ақшаны жымқыру немесе шенеуніктерге одан әрі кері қайтару салдарымен байланысты екенін бәріміз білеміз”, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Асхат Жұмағали.

Сондай-ақ Бір жыл бұрын бизнесті қорғау жұмысы аясында «Бизнеске жол» жобасы іске қосылды. Жоба жергілікті жерлерде кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін жүйелі әкімшілік кедергілерді жоюға арналған. Іске қосылған сәттен бастап 600-ден астам проблемалық кейсшешіліп, 30 мыңға жуық кәсіпкерге көмек көрсетілген.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...