Шерзат Полатты өлтірді деген күдікті абақтыда туған күнін тойлап жүр

Фото: orda.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1497

Әлеуметтік желілерде тергеу изоляторында түсірілген видео тарады. Кадрларда бір топ ер адам туған күнді атап өтіп, тортпен бірге шырақ үрлеп жатқанын көруге болады, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Көпшілік бұл оқиғаны Талғарда Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған күдіктілермен байланыстырып, ресми органдардан түсініктеме талап етті. 

Алматы облысының полиция департаменті видеожазбаға қатысты мәлімдеме жасады.

«Уақытша ұстау изоляторынан бір тұтқынның туған күнін атап өтуі бейнеленген видеоның таралу фактісі бойынша жан-жақты тексеру жүргізілуде. Барлық кінәлі тұлғалар, соның ішінде басшылық та, қатаң жауапкершілікке тартылады. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. Осы құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданды», – деп хабарлады полиция.

4 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Болатқа шабуыл жасалып, ол ауыр жарақаттан көз жұмған. Бұл іс бойынша 11 күдікті ұсталды.

Кейін 12 қазанда белгісіз біреулер Шерзаттың отбасы тұрған үйді өртеп жіберді. Кейірек, Шерзат Полаттың ағасы жұмбақ жағдайда қаза тапты.

Қаңтар айында Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталғаны хабарланды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...